RU
Толық нұсқаға өту

Балқаштағы жеті мектепте STEAM-зертхана ашылды

01.02.2025, 14:00 981

Балқаш қаласындағы жеті мектепте STEAM-зертхана ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Жаңадан жабдықталған оқу кабинеттерінде оқушылар инженерия, физика, математика, биология бойынша қосымша білім алады. Ғылыми жобалармен айналысып, түрлі тәжірибелік сынақ жүргізеді.

Қазір STEAM-зертханаларда 300 бала білімін шыңдап жүр. Оларға сабақ беретін мұғалімдер   арнайы біліктілікті арттыру курсынан өткен. Балалар алған теориялық білімін жергілікті кәсіпорындарда өндірістік тәжірибемен ұштастырады.

Қарлығаш Дүбірбекова, қалалық білім бөлімінің басшысы:

- «STEAM-Балқаш Серпін» жобасына математика, яғни жаратылыстану пәндері технологиямен кіріктіріледі. Яғни баланы жаңа технологиялық жобалар жасауға, әдіс-тәсілдер жасауға икемдейді. Енді қазір ғылым мен техника дамыған заман ғой. Жұмысшы мамандары керек. Бірақ сол жұмысшы мамандықтардың барлығы технологиялық процестермен жұмыс істейді. Осыған оқушылардың барлық дағдысын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz