RU
Толық нұсқаға өту

Жеткіншек жасанды интеллект жетегінде кетпей ме?

24.02.2025, 13:50 430

Елдегі оқушылар үй тапсырмалары мен бақылау жұмыстарын жасанды интеллект арқылы орындайды.

Бұл туралы Цифрлық даму министрлігінің вице-министрі мәлімдеді. Мамандар жаңа жүйені мүлдем пайдалануға тыйым салу мүмкін емес екенін атап өтті. Алайда виртуалды сананы сауатты пайдалануды оқушыларға үйрету керек, дейді. Қазір осы бағытта оқу-ағарту министрлігі жасанды жүйені қолдану этикасын әзірлеуді қолға алды.

- Әлішер тапсырманы тез өткіз!

ӘЛІШЕР ӘЛИ: Қазір ағай........ Шешілмейтін түйін жоқ. Алайда, баланың білімі жетсе де, біліктілігі жетпейтін тапсырмалар болады. Күрмеулі есептер жанға батса, жеткіншектің жасанды жүйеге жүгінетіні сөзсіз.

Виртуалды сана өмірімізге дендеп еніп барады. Тіпті оқушылар да осы құрылғыны күнделікті қолданады. Бірі уақытты үнемдейді десе, бірі ұстаздардан да жақсы түсіндіреді дейді.

БЛИЦ:

ОҚУШЫ1: Жалпы ЖИ-ді күн сайын пайдаланамын десем де болады. Ол әдебиеттен, алгебрада,  математикадан бізге тапсырманы орындап бере алады. Бірақ ол тек ғана жауабын ғана шығару емес, дәлелдеу жолын толығымен түсіндіреді. Менің ойымша тіпті кейбір деңгейде мұғалімдерден де жақсы түсіндіреді.

ОҚУШЫ2: Мен алгебра пәнінен тест тапсырып жатқанда чатжиптиға кіріп сұрақтарды алдым, сөйтіп біліп алдым. Қатты емес. Бірақ қиындық туғызады. 

ОҚУШЫ3: Үй тапсырмасын ЖИ арқылы көбісі орындайды деп ойлаймын. Қазір ол көп уақытты үнемдеуге, тапсырмаларды дұрыс орындауға көмектеседі. 

Жасанды жүйеге жүгінетінін жеткіншектер жоққа шығармады. Көбісін алгебра мен қазақ тілі пәні қинайтын көрінеді. Оқушы шығарманы немесе күрделі есепті үйден виртуалды желі арқылы көшіріп алып келеді. Бірақ баланың жазғаны бір басқа, жасанды сананың жазғаны бір басқа дейді, ұстаздар.

Азамат Әділбеков, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

- Жасанды интеллекттен біржола қол үзіп, оны жаман деп айтуға да болмайды. Қазақ айтады таяқтың екі ұшы бар деп. Оны әркімнің пайдаланғанына байланысты. -+++- 00:47 Енді үй тапсырмасына келер болсақ. Ол оқушының өз еркінде, ұстаздар үйдегі балаға үй тапсырмасын орындау жағынан ықпал ете алмайды. ЖИ мен орындалған тапсырмалар білініп тұрады. Алдындағы баланың сөз саптауы, сөздік қоры барлығы мұғалімге аян.

Иә, Виртуалды сана сан түрлі салаға жауап тауып береді. Адамның уақытын да үнемдейді. Алайда, нейропсихолог маман жасанды жүйені сауатты пайдалануды оқушыларға үйрету керек, дейді. 

Шолпан Әбілова, нейропсихолог: 

- Білім аясында балаларға бақылауда болу керек. Өйткені бала өзіндік тұлғалық дамуын қалыптастыруы керек. Егер ЖИ арқылы үй жұмысын орындап немесе басқа жобаларды дайындайтын болса, баланың тұлғалық дамуы тежеліске алып келеді. Ата-ана да, мұғалімде өз кезегінде нақты сұрақтар қою арқылы біліп отыруы керек.

Оқу ағарту министрлігі жасанды инттелектіні тиімді пайдалануға бағытталған меморандумға қол қойды. Мамандар серіктестік аясында жасанды жүйені этикалық және жауапкершілікпен пайдалануға баса мән беріледі, дейді.

Азамат Жұмахмет, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице-президенті:

- Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Big Tech екі жетекші компаниясы Google for Education және Microsoft-пен меморандумға қол қойды. Серіктестік білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді енгізуге жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, Google for Educationмен педагогтер жұмысын оңтайландыру, оқу процесін ұйымдастыру үшін озық құралдарды пайдалану жоспарлануда. Ал Microsoftпен ынтымақтастық бұлтты технологияларды әзірлеу мен енгізуді, сонымен қатар мұғалімдер мен оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруды көздейді.

Заманның ағымымен жүрген жақсы әрине. Алайда, жасанды жүйенің жетегінде кетуге болмайды. Бұл жеткіншектің дамуын кеш қалыптастырады. Ата-ана да, ұстаз да әрдайым баланы бақылауда ұстауы керек. Мамандар осылай дейді.

Әлішер Әли, Салауат Қожықов, Берік Шарав

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz