RU
Толық нұсқаға өту

Заң мен тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері студенттермен кездесті

05.03.2025, 23:18 422

2023-2024 оқу жылында білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 300 қылмыстық іс тіркелген.  

Осыған байланысты 250 адам істі болды. Олардан келген шығын көлемі 17 млрд теңгені құраған. Білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша бірқатар іс-шара атқарылып жатыр. Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің өкілдері астаналық университет оқытушылары мен студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Оларға парақорлықтың түбі жақсы болмайтынын айтып, дәріс оқыды. Игі шара алдағы уақытта өзге де білім ошақтарында жалғасын табады.

Ләззат Төлегенқызы, Л.Гумилев атындағы университет проректоры:

- Бүгінде жастарымыз жемқорлыққа нольдік төзімділікті қалыптастыруда өз үлесін қосып жатыр. Мұны біз әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-тұрмыстық және жоғары білім беру саласындағы мүдделі тараптармен өзара ықпалдастығынан көріп отырмыз. Әрине бұның бәрі емтихан тапсырудан бастап, жұмысқа тұру кезеңінде ескерілуге тиіс өзекті мәселе.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz