RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ тіліндегі «Жасанды интеллект әліппесі» көпшілікке таныстырылды

11.03.2025, 21:12 1126

Қазақстанда алғаш рет қазақ тілінде жазылған «Жасанды интеллект әліппесі» көпшілікке таныстырылды.

Кітаптің тұсаукесері бүгін Алматы қаласында өтті. Қазір әлемде жасанды интеллект қарқынды дамып келеді. Елімізде де соңғы жарты жылда әртүрлі салада нейрожүйені қоЛдану жиіледі. «Сондықтан, технологиялық өзгерістер дәуірінде жасанды интеллект негіздерін білу әрбір азамат үшін маңызды», - дейді кітап авторы Мейіржан Әуелханұлы. Автор жасанды сана ұғымынан бастап, оны нақты тәжірибе жүзінде қолдануды қарапайым тілмен жеткізген. Атап айтқанда, кітапта 27 түрлі кәсіпте жасанды интеллекттіні қолдануға арналған дайын сауалдар бар. Тұсаукесерге қатысушылар IT, киберқауіпсіздік, биотехнологиялар және жасанды интеллекттің болашағы туралы пікір алмасты.

Мейіржан Әуелханұлы, кітап авторы:

- Күнделікті өмірімізге, тұрмысымызға ол біз қаласақ та қалдамасақ та қазір ЖИ кіріп жатыр. Одан мүлде бас тарта алмаймыз. Сондықтан біз барынша оны үйреніп, оны дұрыс жағынан пайдалану, оны біздің тілімізді, мәдениетімізді дәстүрімізді түгел өзімізге дата центрлер салып, біздің елде біздің жерде өзімізге тиесілі ЖИ-ды дамытуға біз мүдделі болуымыз керек деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz