RU
Толық нұсқаға өту

Елордада кейбір оқушылар аттестаттан бұрын кәсіби диплом алды

01.04.2025, 20:00 624

Елордада кейбір мектеп оқушылары аттестаттан бұрын кәсіби диплом алып үлгіріп жатыр.

Бұл білім саласына енгізілген пилоттық жобаның жемісі. Яғни жоғары сынып оқушылары енді  мектеппен қатар колледжге де барып, техникалық мамандықтарды меңгере алады. Осылайша білім ұясын бітірген бойда еңбек нарығына қажетті дайын маман болып шығады.

Әділ мектеп қабырғасында жүріп, кәсіби маман атанып үлгерді. Ол былтырдан бастап түске дейін мектепте, түстен кейін колледжде оқыған. Осы аралықта автокөлік жөндеуші мамандығын жан-жақты меңгеріп алды.

Әділ Жұматай, оқушы:

- Практика сол колледждің ішінде болды. Барлық жабдық болды. Автокөліктер болды, автобөлшектер болды. Автокөлік айдаймыз бәріміз. Соны жөндеуге, өзімнің өміріме пайдалы деп есептедім. 

Ал Алмаз бен Альмира дәнекерлеуші мамандығын таңдаған. Колледжде химия мен физика пәндері терең оқытылды. Өйткені бұл оқулықтар осы мамандыққа тікелей қатысты. Кейін оқушылар шеберханада тәжірибе жинақтады.

Алмаз Наурызбай, оқушы:

- Иә, таңдаған өзім, себебі ол маған болашақта өте керек деп ойлаймын. Өзімнің де кішкене сол жаққа икемім болды. 01.21. Кәдімгідей аппараттары болды. Әрбір металды бір-біріне қосып, айырып және әр түрлі дәнекерлеу түрлерін үйрендік.

Альмира Рахимова, оқушы:

- Бізден кейінгі балалар да өте қызығып жатыр. Себебі артық диплом деген болмайды деген ойдамын. ++ЖОО-ға түскен кезде де осы саланы қасына алып жүруге болады деп ойлаймын. 

Жоба аясында колледж, мектеп және ата-ана арасында үшжақты келісім жасалды. Астана техникалық колледжінің өзінде 75 оқушы кәсіби білім алған. Оларға берілген диллом еңбек нарығына толық жарамды.

Абай Құрманқұлов, техникалық колледж директоры:

- Мемлекеттік үлгідегі диплом. Техникалық-кәсіптік білім беру саласындағы дипломды алып шықты, себебі толық бағдарламаны орындады ғой балалар. 09.30 Әлеуметтік серіктестерді шақырып, сол өндіріс орындарына қатысты мәліметтерді бердік. Ал тәжірибені өзіміздің оқу орнындағы шеберханаларында өтті. Бізде полигондар бар, шеберханалар бар. Материалдық-техникалық базасы жақсы жабдықталған.

Жоғары сынып оқушыларына жұмысшы мамандығын оқыту туралы пилоттық жоба өткен оқу жылында басталды. Жасөспірімдер аспаз, автокөлік жөндеу, тігін, дизайн, дәнекерлеу, шаштараз, жиһаз өндірісі сияқты салаларды меңгерді.

Ақмарал Хон, қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл жоба аясында мектепте оқитын балалар түске дейін мектепте білім алады, түстен кейін колледжге барып, кәсіби білім алды. Міне 1,5 жыл.  Бұл оқушылар жақсы оқып, жақсы кәсіби мамандықты игеріп, диплом алады. 

Қалада жаңа бастаманың алғашқы легіне 150-ден астам оқушы қатысты. Пилоттық жоба жастардың жұмысқа ерте орналасуына жол ашып, жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруға бағытталып отыр.

Еркебұлан Смадияров, Қанат Махмұтов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz