RU
Толық нұсқаға өту

Талдықорғанда студенттер дрон құрастырып жатыр

03.04.2025, 07:53 850

Талдықорғандағы кәсіптік білім беру орындарының бірінде дрон құрастырыла бастады.

Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қарапайым колледж студенттері жинап жатыр.

Жас мамандар заманауи технологияны меңгеріп, тәжірибе жинақтаған. Жұмысты жүйелі жүргізу үшін өңірдегі колледждерде 13 жаңа мамандық ашылды.

Думан Әлиасқардың колледжде ұстаздық еткеніне екі жылдан асты. Жас маман биылдан бастап студенттерге ұшқышсыз ұшатын апаратты құрастыруды үйретіп жатыр. Ол үшін өзі де арнайы курстан өтіп білімін жетілдірген.

Думан Әлиасқар, мұғалім:  

- Қазір жеткізу бәрі дронмен айналысып жатыр. Әлем көрсетіп жатыр. немен айналысып жатқанын. Сондықтан қазір заман талабына сай маман даярлаймыз. Мақсат сату емес дронды. Тек студенттерге өзіміздің жергілікті оқушыларға білім жағдайын беру ұсыну. 

Жаңадан ашылған курсқа қызығушылық танытқан студенттер көп. Олар тіпті сабақтан кейінгі уақытта да техниканың қыр сырына қанығып жүр. Жаңа мамандықты меңгере бастағандардың қатарында Әсет Оразғали де бар. 

Әсет Оразғали, студент:

- Мен техникалық мамандықта оқығаннан кейін бұл дрон мамандығы қажет. Себебі дрон мамандығына сұраныс көп. Басқа жақта сынып қалған жағдайда қайта құрап үйрендім. 

Құрылғылар білім ордасындағы өндірістік желіде құрастырылады. Қажетті бөлшектердің бір бөлігі келісім шартпен сатып алынса, қалғандары 3Д принтермен дайындалады.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Студенттер дронды құрастырумен қатар, бағдарламалауды, үстіне джи-пи-эс құрылғысын орнатуды да үйренеді. Сонымен қатар ұшырып басқаруды да меңгереді. Балалардың қолынан шыққан құрылғылар ауыл шаруашылығы, төтенше жағдай саласында қолданылмақ. 

Жаңа технологияны әртүрлі салаға ендіру үшін оқу орнына кәсіпкерлер шақырылып, ашық есік күні өткізілді.

Қанат Байсалбаев, шаруашылық жетекшісі:

- Малшы табу қазір қиын. Сондықтан мал қарауға да болады дронмен. Қазір енді оброботка жасасақ поляны. Ол  да жақсы. Себебі экономия болады. техника жағынан да. Бір суғарғаннан кейін техника кіре алмайды. Жер батпақ болып кетеді дағы. Екінші, үшінші оброботка қиын. Сондықтан дұрыс мамандықтар шығарып берсе дұрыс болар еді. 

Жетісу облысында алдағы он жылда сұранысқа ие болатын мамандар анықталып, «Жаңа мамандықтар атласы» құрылған. Соның негізінде бес салаға басымдық беріліп, аймақтағы колледждерде жаңа мамандықтар ашылды.

Әли Солтанбекұлы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Ұшқышсыз  ұшу апаратының операторы, химиялық талдау зертханашысы, кран машинисі деген мамандығымыз бар. Қант өңдеу операторы. Нақты өз өңірімізге қажет 13 мамандық ашылған. Биыл 11 колледже 14 мамандықты ашу қарастырылған. 

Кәсіптік оқу орындары мен аймақтағы 62 кәсіпорын арасында келісім шарт жасалды. Меморандум арқылы колледж түлектері диплом алған соң тұрақты жұмысқа қабылданатын болады.

Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосын

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz