Ерекше балаларды оқытатын ұстаздар инклюзивті тренинг орталығында шеберлігін шыңдай алады.
Елордада ашылған мекеме айына 150 мұғалімді оқытуға қауқарлы. Жоба Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры, Астана қаласы әкімдігі және «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен жүзеге асты. Орталық педагог, ата-ана және оқушы үштігінің арасындағы алтын көпірге айналуға тиіс. Яғни олар осы жерде пікір алмасып, арнайы бағдарлама негізінде бірлесе жұмыс істейді. Бағдарлама Астанадағы №96 мектепте бір жыл бойы жүргізілген зерттеу қорытындысына сәйкес түзілді. Мамандар күнделікті оқу барысындағы кедергілерді анықтап, сол бойынша шешімдер ұсынып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, орталық қызметіне сұраныс жоғары.
Әлия Хамза, Ozim Platform ҚҚ президенті:
- Көп мұғалім атап өткен болатын, олар мысалы университетте бұл бағдарламаны өтпейді, бұл білім берілмеген. Және де мектепте жұмыс жасаған кезде олар балалармен қалай жұмыс жасау керектігін білмейді. Сондықтан олар айтқан болатын, мысалы бізге инклюзивті хаб болсын, соның негізінде біз көмек сұрай алатындай. Тәжірибе алмасып, соның негізінде яғни бір адам немесе бір мекеме керек болды деп бізге айтқан болатын. Соның негізінде біз осы хабты ашқан болатынбыз.
Тегтер #инклюзия #елорда #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz