RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде Ғылым кеңесінің алғашқы отырысы өтті

08.04.2025, 23:12 582

Облыс әкімі Асхат Шахаров жиынға академиялық ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам деген баға берді, деп хабарлайды 24kz.

Ордалы отырыс нақты ұсыныстар әзірлеуге арналған алаңға айналады. Оған қоса, бүгін Құдайберген Жұбанов атындағы университет базасында молекулалық және жасушалық биотехнологиялар зертханасы ашылды. Сонымен қатар аймақтың ғылыми әлеуетін және халықаралық деңгейде жүргізіліп жатқан зерттеулерді күшейтуге мүмкіндік беретін Академиялық және зерттеу үстемдігі орталығы бой көтерді. Кездесуде қатысушылар жаңа нысандармен танысып, өңірдің ғылыми әлеуетін арттыратына сенім білдірді.

Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі:

- Ғылым мен өндіріс бірге жүру керек. Болашағы сонда. Әлемдік үлгі ретінде көрсететін мәселе аз емес. Соған байланысты біз осы бағытта жүру керекпіз. Өндіріс жететін жеріне жетті. Әрі қарай ғалымдар дамыту керек. Сондықтан осы екі бағытты ұштастырып, ел дамуына үлес қосуымыз керек.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz