Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі факторы.
Сенат депутаттары осылай дейді. Олардың сөзінше, бүгінгі таңда инновациялық технологияларды жасап қана қоймай, оларды жергілікті жерлерде қолдану маңызды. Бірақ, білікті мамансыз, заманауи ғылыми базасыз және тұрақты қаржыландыру болмаса аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Cәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет қабырғасында өткен басқосуға салаға жауаптылар мен ғалымдар және сарапшылар қатысты. Жиында қаузалған мәселелер мен ұсыныстар Үкімет қарауына жіберіледі.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Аграрлық ғылымның өндіріспен интеграциясын қолға алмай, ауыл шаруашылығы керемет дамып кетеді деп айта алмаймын. ауыл шаруашылы ескі жолмен, ескі технологиямен дамуы мүмкін емес. Ал инновациялы технологияны шетелден тасу тағы мүмкін емес. Ал өзіміздің ғылыми жетістіктерімізді өндіріске енгізсек ол арзан болады, әр ол өзіміздің климатымыз бен жер жағдайымызғы ыңғайлы болады.
Тегтер #аграрлық ғылым #маман даярлау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz