RU
Толық нұсқаға өту

Ғарышкер депутаттарға отандық «Бәйтерек» зымыран кешенін таныстырды

11.04.2025, 09:50 621

Мәжіліс және Сенат депутаттары «Бәйтерек» зымыран кешенінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды 24KZ. Олар Қазақстан мен Ресей арасындағы аталған ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы аясында Байқоңырға барып, жұмыс барысын қадағалады.

Онда ғарышкер Айдын Айымбетов депутаттарға отандық «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін толық таныстырып, баяндап берді. Бұл жоба «Союз-5» зымыран-тасығышын ұшыруға арналған. Қазір нысанда демонтаждау және құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Депутаттар аталған жоба Қазақстанға спутниктерді құрастырудан бастап оларды ұшыру және ел экономикасының мүддесіне сай пайдалануға дейінгі ғарыштық қызметті толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.      

Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Біз өзіміздің отандық космосты дамыту бойынша жұмыс істеуіміз керек. Одан кейін космос, білім саласында өзіміздің кадрларды дайындау және шетелде жүрген көптеген кадрымыз бар, соларды алып келу. Солар арқылы өзіміздің келесі ғарышкерімізді дайындау. Оның ішінде біз қыз бала болғанын да қалап отырмыз. Сондай-ақ біз космос саласында біз әлемдегі саусақпен санарлық космос державасының біріміз. Соған айналуымыз керек. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz