RU
Толық нұсқаға өту

Елордада «Жас ғалым» республикалық форумы өтті

11.04.2025, 20:31 685

Астанада жас ғалымдардың I республикалық форумы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында ұйымдастырылған жиынға еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам жас ғалым жиналды. Форумды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алғы сөзімен ашып берді. Қатысушылар «Жас ғалым» бағдарламасын ғылым мен технологияны дамытудағы мемлекеттік қолдаудың жарқын үлгісі екенін атап өтті. Елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған бұл бастама – ғылым саласын өмірлік бағдар етіп таңдаған талапты жастар үшін әлеуметтік лифт іспетті. Бүгінде еліміздегі зерттеушілердің жартысына жуығы – 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар. Жоғарыда аталған бағдарламаның мақсаты – пост-докторантура институтын қолдау арқылы еліміздегі жас зерттеушілер санын арттыру. Осы жылдар ішінде конкурстық жолмен 688 грант бөлінді. Былтыр жыл соңында 300-ге жуық пост-докторант өз жобаларын сәтті аяқтап, жүздегені ғылыми ізденістерін жалғастырып жатыр.

Нұрзада Амангелді, Л.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің зерттеушісі:

- Өңірлерден келген жас ғалым көп. Ақтөбе, Павлодар, Арқалықтан келіп жатыр. Бұл форум өңір-өңірге, қала-қалаға, университет-университетке бөлінбей, бәріміз бірігіп, ғылым саласында бірге иық тіресе жұмыс істеу осы форумнан басталады деп ойлаймын.

Мұстафа Шоқай, Nazarbayev University оқытушысы:

- Халықаралық деңгейде де, ел ішінде де көптеген ғалымдардың жетістіктеріне біз куә болып жатырмыз. Соның барлығы да қазір сөз етілуде. Мәселен бір әріптесіміз Жапониядағы университеттердің бірінде проректор болып тағайындалды. Өзге де әріптестеріміз Финляндия, АҚШ секілді елдерде өзінің қазір зерттеулерімен айналысып жатыр. Бір қызығы, барлық зерттеу қоғамға пайдалы. Мәселен, Әмудария өзенінің экологиялық жағдайына байланысты зерттеулер жасалып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz