RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық университеттер шетелдік білім беру жүйесімен тәжірибе алмасты

13.04.2025, 13:15 662

Бейжіңде әлемнің үздік жоғары оқу орындарының форумы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Оған қазақстандық үш Ұлттық университет қатысты. Биылғы халықаралық басқосу сапа, сенім және қауіпсіздікке арналды. Әсіресе, шетелдегі білім берудің тұрақты әрі орнықты дамуына мән берілді. Сондай-ақ жаһандық білім беру сапасын жақсарту, студенттерді бағалау жүйесін жетілдіре түсу жағын талқыланды. Дәстүрлі іс-шарада дүниежүзінің оқу орындары өзара тәжірибе алмасып, өздеріне талапкерлерді мейлінше көптеп тартуға тырысады. Осындай мақсатпен 200-ге жуық университеттен мыңға тарта делегат жиналды. Қазақстаннан қатысқан үш жоғары оқу орны Қытайдың білім беру жүйесі мен тәжірибесіне басымдық берді.

Нұрбек Байбосын, Абай атындағы ҚАЗҰПУ ректорының кеңесшісі:

- Бірнеше университеттермен кездесу өткіздік осында. Абай университетіне деген қызығушылық, әсіресе, педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орны ғой. Университетке деген қызығушылықты қытай елі тарапынан барын байқадық. Гуанчжоуда осы көрме аясында тағы бірнеше университетпен кездесу өткізу жоспарда бар.

Нұркен Әбдіғали, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ департамент директоры:

- Өзіміздің елімізді таныстыру арқылы өзге студенттерді шақыруға келдік. Және тәжірибе алмасуға. Қазірдің өзінде Қытайдан біздің университетте 1500-ге жуық студент оқып жатыр. Ол біздің студенттеріміз де ол елде оқып жатыр, Қытаймен байланысымыз өте жоғары. Университеттерінде біздің студенттеріміз, докторанттарымыз бен магистранттарымыз білім алуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz