Қызылордада «Қос диплом» бағдарламасы жүзеге асады, деп хабарлайды 24KZ. Қызылорда университеті мен Кореяның Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің басшылығы меморандумға отырды.
Еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернационалдандыру басқармасының басшысы Рауза Мендалиева, университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова мен Сеултех университетінің президенті Дон Хван Ким кездесіп, қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру тетіктерін талқылады. Басқосуда оқу бағдарламасының мазмұны, академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру жайы қозғалды. Сонымен қатар оқытушылардың тәжірибе алмасуы және заманауи технологияларды бірлесіп енгізуі секілді бастамалар сөз болды.
Рауза Мендалиева, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі басқармасының басшысы:
- Қос дипломды бағдарламаның айырмашылығы, мысалы, Қызылордадан кетпей, Қызылорданың тумасы болса, осы жерде оқып, өз университетінде оқып, сонымен қатар Сеултехтың да Корея университетінің белгілі, атақты, ғылыми тұрғыдан өте мықты университетінің дипломын алып шығуға болады. Сол дипломмен ол өзінің оқуын жалғастыруға болады, магистратураға түссе, докторантураға түссе, бұл жалпы жоғары сапасы бар білімге қол жеткізу деген.
Тегтер #Қызылорда университеті #қос диплом бағдарламасы #ғылым және жоғары білім министрлігі #24KZ #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz