Әлемде 4 млн-ға жуық медицина маманы тапшы, деп хабарлайды 24KZ. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы кадр жетіспеушілігін жаңа технологияның көмегімен біртіндеп шешуге болатынын айтады. Себебі жасанды интеллект адам тәнін емдеуде үздік нәтиже көрсетіп отыр. Ташкентте медицина технологияларының халықаралық көрмесі өтті. 23 елден 400 компания өз өнімдерін ұсынды. Олардың қатарында Қазақстандық ұжымдар да бар.
Жаһанда денсаулық сақтау саласында 60 миллионға жуық адам еңбек етеді екен. Оның үштен екі бөлігі медициналық қызмет көрсетсе, қалғаны әкімшілік жұмыс атқарады. Ал саладағы технология күн сайын жаңарып, адымдап барады. Қазақстанда жасалатын мына аппараттар қандағы глюкоза, холестирин концентрациясын жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Отандық компания көрмеде шетелдік әріптестерімен келісімге келіп, өнімдерін сатуға мүмкіндік алған.
Баян Асанова, медициналық компания басшысы:
- Мемлекеттің қолдауынсыз біздің осы деңгейге жетуіміз екіталай еді. Қазір компания өнімдерін шетелде таныстырып, сатуға мүмкіндік алып отырмыз. Алға қойған жоспарымыз ауқымды. Халықаралық деңгейге шығып, отандық компанияның атын шығарғымыз келеді. Себебі медициналық технология өте жылдам дамып жатыр.
АҚШ ғалымдары жасаған мына эксклюзивті анатомиялық технология медицина білім ордаларының студенттеріне арналған. Мәйіттердің денесін кесіп, цифрлық фотоаппаратқа түсірген. Маман оқытуда құралдың берері мол.
Карлос Мартинес, медициналық компания менеджері:
- Виртуалды анатомиялық апаратта пациенттердің денесі көрсетілген. Әлемде мұндай технология жоқ. Адамның барлық жүйке жүйесі, қан тамырлары тіпті ағзада көзге көрінбейтін тірі организмдерді осы аппарат арқылы анықтап көруге мүмкіндік бар. Тағы бір ерекшелігі, технологияның ішіндегі ақпараттар жыл сайын толығып отырады.
Ұлт саулығы – жарқын болашақ кепілі. Қазір әлемдік медицина күн сайын өрістеп, түрлі технологиялар енгізіліп жатыр. Роботтардың операция жасап, адам өміріне араша түскеніне таңғалмайтын болдық. Мемлекеттер көштен қалмау үшін салаға қомақты қаржы құйып, өндірістерін дамытуға тырысып жатыр. Ендігі міндет технология тілін меңгеретін білікті кадырларды даярлау ісі тұр.
Авторы: Дулат Нуркин
Тегтер #Ташкент #халықаралық көрме #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz