RU
Толық нұсқаға өту

Елде 8 мыңнан астам кәсіби бағдар беруші маман пайда болады

19.04.2025, 13:25 587

Алдағы оқу жылынан бастап өңірлердегі мектептерде 8 мыңнан астам «кәсіби бағдар беруші» пайда болады. Қазір мұндай мамандар тек ұсынымдық тәсілмен жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Астанадағы «IC3» халықаралық форумында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанов мәлімдеді.

Бұл форум жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған. Оған Үндістан, Ұлыбритания, Қырғызстан және Тәжікстан секілді бірқатар елдің өкілдері келді. Олар отандық педагогтермен өзара тәжірибе алмасуға ниетті.

Еділ Оспан, ҚР оқу-ағарту вице-министрі:

- Біз биыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылына байланысты осы форумды біздің тақырыпқа бет бұруға өтініш жасадық. Біз жастарды жұмысшы мамандыққа тарту мәселесіне ерекше көңіл бөліп отырмыз. Сондықтан бүгінгі форумда қазақстандық колледждер көптеп қатысып жатыр.

Нейха Бехл, IC3 Institute директоры:

- Мен осындай форумды Үндістан, Африка, Латын Америкасында және Орталық Азия мемлекеттінде өткізіп жүрмін. Биыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы деп белгіленді. Бүгінгі форум – колледж бен жоғары оқу орындарына түсуге ниетті талапкерлер үшін керемет мүмкіндік. Олар өздеріне ұнаған мамандықты туралы ақпаратты кез келген жерден алып таңдай алады.

Форум аясында арнайы көрме ұйымдастырылған. Онда отандық және шетелдік колледж бен университет өкілдері өз оқу орындарын таныстырды. Олар студенттердің тек теориялық емес, тәжірибе жүзінде білім алатын құрал-жабдықтарын көрмеге қойды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz