RU
Толық нұсқаға өту

Алматылық оқушылар су астындағы қоқысты тазалайтын роботты таныстырды

21.04.2025, 18:20 615

Алматылық оқушылар су астындағы қоқысты тазалайтын роботтың жобасын ұсынды, деп хабарлайды 24KZ. Шағын үлгі бірнеше метр тереңдікке сүңгіп, сканер арқылы тұрмыстық қалдықтарды анықтайды. Содан соң арнайы құрылғының көмегімен оларды жинап жәшікке салады.

Жас өнертапқыштар өз жобасын мектеп оқушылары арасындағы білім көрмесінде таныстырды. Қазылар алқасының назарына робототехникадан өзге, химия, биология саласындағы жобалар ұсынылды. Бүгінгі таңда балалардың бұл пәндерге қызығушылығы жоғары.

Көрме Жеңістің 80 жылдығына арналған. Осыған орай оқушыларға қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерліктері туралы айтылды. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі жайында экспозиция қойылды. Көрменің мақсаты – оқушылардың ғана емес, қала мұғалімдерінің бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру. Ал суды қоқыстан тазалайтын робот жобасының авторлары бұл бағыттағы зерттеулерін тереңдете түспекші.        

Әділхан Әуезханов, 9-сынып оқушысы:

- Бұл біздің жобамыз – суды тазалайтын робот. Қазақстанда және әлемде ең басты мәселе – бұл судың ластануы. Соны айта кетсек, бұл робот өзі автономды жүзе алады және осы робот көптеген жобаның қатысуына үлес қосқан.

Сәулет Төлешова, С. Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжі директорының орынбасары:

- Балалар қызығушылығын арттыру, өздеріне сенімділігін арттыру арқылы ғылымға өз үлестерін қосу. Нәтижесінде кез келген салада жетістікке жету жолында талмай қызмет істеуге болады. Соны ұйымдастыру арқылы біздің балалар бүгін жарысып бір-бірінің, өздерінің нәтижелерін көрсетіп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz