Абай облысында «ASSYLTAS» қоғамдық қорының бастамасымен «Артық білім кітапта» жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды 24KZ. Оның аясында аймақтағы 233 ауыл мектебіне 14 мыңға жуық кітап таратылды.
Әр қорапқа 60 түрлі жинақ топтастырылған. Оның ішінде қазақ және шетел әдебиетінің балаларға арналған үздік шығармалары енген. «Ауыл мектептерінің кітапханаларын мазмұнды туындылармен толықтырып, жасөспірімдердің кітап оқуға деген ынтасын арттыру – басты мақсатымыз», – дейді ұйымдастырушылар. Жыл соңында осы жинақтар бойынша оқушылар арасында байқау ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Тегтер #Абай облысы #Ауыл мектептері #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz