RU
Толық нұсқаға өту

Этностар тарихы туралы ғылыми жинақ жарыққа шықты. LIVE

01.05.2025, 14:05 508

Ассамблея жанындағы Қазақстанның этносаясатын ғылыми тұрғыдан зерттету кеңесі 2009 жылы құрылған. Кеңес қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік мәселелерін елдің ақпараттық кеңістігінде дәріптеуді мұрат еткен. Сондықтан ол жерде мемлекеттік этносаясат пен этносаралық қатынастарды ғылыми тұрғыдан зертеп, сараптау ұдайы жүргізіледі және оның нәтижелері мен ұсыныстары бойынша Ассамблея тиісті шешімдер қабылдайды.

Этностар тарихы туралы ғылыми жинақ жарыққа шықты

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық кеңес құрамында 51 сарапшы бар. Олардың 28-і ғылым докторы, 15-і ғылым кандидаты. Соныман қатар депутаттар мен қоғам қайраткерлері де осы құрылымның қатарына қосылған. Олар қоғамдағы өзекті мәселелерді зерттеумен айналысады. Жалпы еліміздің әр аймағындағы 18 ғылыми-сарапшылық топқа 280-ге жуық сарапшы біріккен.

Ал Қызылорда облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың құрылғанына 10 жылдан асты. Бұл құрылым этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту жолында маңызды ғылыми жобаларды үйлестіреді. Мысалы, былтыр өңірде Кавказ халықтарының Қазақстанға күштеп қоныс аударылуы туралы тақырып аясында республикалық конференция өткіп, ғылыми жинақ жарық көрді. Ал биыл Ассамблеяның 30 жылдығына орай жас ғалым клубын құрып, олардың арасында ғылыми жоба байқауын ұйымдастыру жоспарлананған. Сонымен қатар «Сыр өңіріндегі этностардың тарихы» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған жинақ шығару жұмысы да қолға алынған.

Бүгінде Қызылордада 30-дан астам этнос өкілі тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Олар Сыр өңірінің білім, ғылым, мәдениет және экономика салаларына сүбелі үлес қосып келеді. Қазірдің өзінде облыстық Достық үйінде 11 этномәдени бірлестікке арналған кабинеттер жұмыс істейді. Ал бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні Қызылордада жаңа Достық үйінің іргетасы қаланды. Бұл нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.

 

Өңірлерде ҚХА жанынан құрылған 18 ғылыми-сарапшылық топ жұмыс істейді

Мансұр Есқожин, тілші:

- Мереке құтты болсын. Әңгімеге арқау болған ғылыми сарапшылық кеңестің Ақтөбе облысындағы тобы құрамында 12 сарапшы бар. Сарапшылық кеңестің масты мақсаты – этносаралық қатынастағы мемлекет саясатын ғылыми негізде сүйемелдеу.

Біз қазір «Қазақстан халқына мың алғыс» стелласы алаңында тұрмыз. Мұнда «Халықтың қуаты – бірлікте» атты бұқаралық салтанатты бағдарлама өтті. Мерекелік концерт барысында қол өнершілердің және этномәдени бірлестіктерінің қолданбалы өнерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Түске дейін «Триатлон» паркінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай республикалық «Бірлік» жарысы болып, 300-ге жуық спортшы күш сынады. Мұндай салтанатты шара 100-ге жуық этностың басын қосқан Ақтөбе облысының барлық ауданында өтіп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz