Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде инклюзивті білім беру орталығы ашылды, деп хабарлайды 24kz.
Заманауи құралдармен жабдықталған кабинеттерде арнайы педагог мамандығын игеріп жүрген студенттер білім алып, тәжірибе жинақтайды. Педагогика және психология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, магистранттар ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеу, психологиялық қолдау көрсету тақырыптарын терең саралай алады. Орталық Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен ашылды. Жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары инклюзивті орталықта ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына шеберлік сағаттарын өткізуді жоспарлап отыр.
Ару Тағанова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің оқытушысы:
- Арнайы педагог мамандарды кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында, яғни, теориядан алған білімдерін практика жүзінде осы орталықтарда дамытатын болады. Заманауи жабдықталған түрлі көрнекіліктер, сенсорлық қызметі нашар дамыған балалардың түрлі веб-камералары және американдық Арнольд Геззелдің айнасымен де жұмыс жасауға бағытталып отыр.
Тегтер #Ақтөбе #университет #инклюзивті білім беру #орталықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz