«Біріккен Ұлт жеңеді» V халықаралық байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды 24KZ. Бейнематериалдар сайысына Қазақстанның және шетелдегі жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты. Оңтүстік Корея, Түркия, Ұлыбритания, Ресей мемлекеттерінің, Біріккен Араб Әмірліктерінің және Орталық Азияның білім алушылары өз жұмыстарын ұсынды. Еңбегі үздік деп танылған қатысушылар Гран-при, І, ІІ және ІІІ орындар мен арнайы аталымдар бойынша марапатталды.
Лев Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған іс-шара «Журналистика» факультетінің 15 жылдығына және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Байқаудың мақсаты – бабалар ерлігін дәріптеп, жас ұрпақ бойына патриоттық сананы сіңіру.
Бибігүл Таңатар, байқауға қатысушы:
- Жалпы мен бұл байқауға өзім ерекше материал бердім деп ойлаймын. Бізде, мысалы, соғысқа қатысқан әйелдердің қатарында Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанованы жиірек атайды да, бірақ олардан да бөлек осы соғыста құрбан болған апаларымыз көп болды. Менің материалым олардың есімін таныту мақсатында болды.
Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бүгін университеттің ұйымдастырып отырған іс-шарасы Қазақстанның оқу орындарында ғана емес, АҚШ-тың Жапонияның, Орталық Азияның беделді университеттерінің қатысуымен осы соғыстың тақырыбын ашуға ұйымдастырылған байқау деп есептеймін.
Тегтер #Еуразия ұлттық университеті #Жеңіс күні #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz