RU
Толық нұсқаға өту

Балалар жазушысы оқырмандарымен кездесті

09.05.2025, 10:00 445

Ұлттық академиялық кітапханада балалар жазушысы, тележүргізуші Азамат Әбілқайырмен кездесу өтті.

Жиынға жиналған жас оқырмандар автордың "Ренжіскен кітап пен адамды смартфон қалай татуластырды?" атты шығармасын талқылап, өзге де туындылар туралы өзара пікір алмасты. Сондай-ақ ата-аналар мен ұстаздар қауымы да қатысты. Келелі кездесу "Отбасымызбен оқимыз" жобасының аясында өтті.

Азамат Әбілқайыр, балалар жазушысы:

- Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мырзаның 100 кітап ұлттық бастамасы негізінде қазіргі таңда осындай балалар әдебиетін қолдау және осыны насихаттау мақсатында осы іс-шараларды жасап отырмыз. Қазіргі таңда елде, ұлттық әдебиеттегі балалар әдебиетінің жанры сәл кенже қалып жатыр, сондай кезде біз  де тек кітапті жазып,оны көрсетіп ғана қоймай, үнемі осындай кездесулерді көбейтуіміз керек.

Әділет Есенбай, жас оқырман:

- Азамат ағаның шығармасын оқып, кітаппен дос болу керек екенін, кітап оқысаң көптеген жетістікке жететінін білдім. Сол туралы айтылған, мен соны ұқтым, соны түсіндім. Және де телефонды көп қарамау керек екенін білдім.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz