Қазақстан Тәжікстанға IT саласындағы тәжірибесін бөлісті. Astana Hub технопаркінің Тек-Орда бағдарламасы аясында тәжікстандық 100 азамат ақпараттық технология бойынша кәсіби білім алды.
Арнайы курста веб-дамыту, киберқауіпсіздік және дата-сайнс секілді бірқатар бағыт қамтылды. Оқу процесі алдын ала дайындалған материалдарды өз бетінше меңгеру, менторлармен тұрақты онлайн-сабақтар өту және тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асқан. Жалпы Тек-Орда бағдарламасы 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол арқылы 9 мыңнан астам грант берілген. Былтыр жобаға 35 мыңнан астам өтініш түскен.
Тегтер #IT саласы #Astana Hub #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz