RU
Толық нұсқаға өту

Биыл 700 адам жастар практикасына қатысуға өтініш берген

12.05.2025, 13:09 374

Елімізде өткен жылы 33 мыңнан аса адам жастар практикасы арқылы жұмыс тапқан.

Екі қолға бір күрек іздеген жұмыссыздарға мұндай мүмкіндік мемлекет тарапынан жасалып отыр. Бағдарлама шарапатын көргендердің дені 35 жасқа дейінгі жастар. Биылдың өзінде 700-ге жуық астаналық түлек бастамаға қатысуға өтінім беріп үлгерген. Еңбек нарығын дамыту­ға бағытталған жобаға кімдер қатыса алады?

Едігенің Астанаға арман қуып келгеніне жылға жуықтады. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң бірден жұмысқа орналасып кетуге мүмкіндік болмаған. Жастар практикасының мүмкіндігін естіп, бірден қатысуға өтініш беріпті. Қазіргі таңда дипломы бойынша бағдарлама қатысушы болып қызмет етіп жатыр.

Едіге Молдабай, жастар практикасының қатысушысы: 

- Букетов атындағы университетті саясаттану мамандығы бойынша бітірген болатынмын. Астана қаласына көшіп жұмыс іздедім. Жұмыспен қамту орталығына барып, өз мамандығым бойынша жұмыс істегім келетінін айттым. Қарастыру барысында маған Аманат партиясына баруға шешім қабылданды. 

Елімізде жастар практикасымен екі қолға бір күрек тапқан жұмыссыздар саны артып келеді. Өткен жылдың өзінде 33,3 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Олардың ең көбі Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында  тіркелген. Бағдарламаға қатысқан 20 мыңға жуық тұрғын ауылды жерде. Ең көп сұранысқа ие мамандықтар тізімінде қарапайым мейіргер, бастауыш сынып мұғалімі, фельдшер. Соңғы 6 айда Астаналық 700 түлектен өтініш түсіпті.

Олжас Омар, қалалық «еңбек мобильділігі орталығы» директоры:

- Қазіргі уақытта жалақы 117 мың теңге. Бірақ қолға алатыны 90 мың. Зейнетақы басқа да төлемдер жүреді. Жыл сайын біз 1000 адамды жұмыспен қамтимыз. Қазіргі уақытта бізде 700ге жуық жас қатысып отыр.

Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыларға кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәлімгерді бекітеді. Әрі қарай түлекті маман етіп шыңдау, мамандыққа баулу соның жауапкершілігінде. Айта кетсек, бағдарламаға ЖОО бітіргеніне 5 жылдан аспаған адам қатыса алады. 

Кәмшат Мұхамеджан, Ержан Рахманбердиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz