RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық оқушылар физикадан XXV Азия олимпиадасынан сегіз медаль алды

12.05.2025, 14:25 502

Қазақстандық оқушылар физикадан XXV Азия олимпиадасында бірден 8 медаль жеңіп алды.

APhO-2025 (Эй Эф Оу) 2025 халықаралық білім додасы Сауд Арабиясының Дахран қаласында өтті. Оған 30 елден 240-қа жуық мектеп оқушысы қатысқан. Қазақстан құрамасы беделді сайыста керемет нәтижеге қол жеткізді. Әмірбек Азатбеков, Нұргүл Егенбергенова, Әмір Пішенбаев және Артур Ким күміс жүлдеге ие болды. Ал Роман Черемнов, Ілияс Қазымбек, Даниэль Төлеубаев және Бекасыл Елубай қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ олимпиадаға қатысушы ең үздік қыз бала ретінде Нұргүл Егенбергенова арнайы «Best Female» сыйлығына ие болды. Физикадан Азия олимпиадасы - теориялық және эксперименттік күрделі тапсырмаларды қамтитын халықаралық жарыс. Былтыр Қазақстан құрамасы бір күміс, бес қола медаль және бір мадақтама алған болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz