Ақтаулық оқушы Рамазан Бутантаев халықаралық білім сайысында топ жарды, деп хабарлайды 24kz.
ІТ-лицейдің 10-сынып оқушысы «Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы» байқауында абсалютті жеңімпаз атанды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл сайыс жыл сайын ұйымдастырылады. Биылғы додада Жапония, Қытай, Австралия, оңтүстік Корея секілді елдерден 500-дей дарынды жеткіншек бақ сынаған. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізіп отыр. Ел намысын қорғаған оқушыларымыз 5 медаль және 3 «Құрмет» грамотасын иеленді.
Айта кетсек, Рамазан бастауыш сыныптан бастап әлем елдері тілдерін зерттеумен айналысады. Келешекте компьютерлік лингвистика маманы болуды армандайды.
Рамазан Бутантаев, халықаралық байқаудың жеңімпазы:
- Лингвистикадан халықаралық олимпиада онлайн форматта өтті. Оған қатысушылар өз елінің астанасына барып, жұмысын қорғады. Маған Венесуэла еліндегі үнділердің «Мако» деп аталатын тілін зерттеуге тапсырма берілді. Бұл қазір жоғалудың алдында тұрған тілдердің бірі. Оның тарихын оқулықтардан таптым, ғаламтордан іздендім. Еңбегім еш кетпеді, ел намысын абыроймен қорғап шықтым.
Тегтер #Ақтау #оқушы #Азия Тынық мұхитыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz