RU
Толық нұсқаға өту

Биылдан бастап ғалымдардың базалық жалақысы жыл сайын 20% өседі

12.05.2025, 20:45 399

Биылдан бастап ғылыми қызметкерлердің базалық жалақысы жыл сайын 20%-ке ұдайы ұлғайтылып отырады, деп хабарлайды 24kz.

Былтыр бұл саладағы ең төменгі жалақы мөлшері 300 мың теңге болатын. Сонымен қатар магистранттар мен докторанттардың стипендиялары 1,7 есе өсіп, докторантура бойынша мемлекеттік білім беру гранттарының саны шамамен 2 мыңнан 5 мыңға дейін артады. Осылайша, Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі нығайтылмақ. Бюджеттік қаржыландыру мәселелері де реттеледі.

Қуантар Әлиханов, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы пәнаралық ғылым орталығының директоры:

- 2025-2027 жылдарға 531 млрд теңге отандық ғылымды дамытуға қаржы бөлініп отыр. Яғни, бұл алдыңғы бесжылдықпен есептейтін болсақ, 5 есеге көтеріліп отыр. Сонымен қатар жас әрі жетекші ғалымдарды қолдауға арналған бірнеше бағдарлама іске асып, өз нәтижесін беріп отыр.

Айта кеткен жөн, елде 22 мыңнан астам ғылыми қызметкер бар, олардың тең жартысы жастар. «Жас ғалым» бағдарламасы басталғалы бері конкурстық жолмен 688 грант бөлінді. Былтыр жыл соңында 300-ге жуық постдокторант өз жобаларын сәтті аяқтап, тағы жүздегені ғылыми ізденістерін жалғастырып жатыр.

Әлия Әлжанова, Л.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті жас ғалымдар кеңесінің төрағасы:

- «Жас ғалым» бағдарламасы ел Президентінің бастамасы саналады. Қазақстандағы постдокторантура институттарын қолдайтын бірден бір жоба. Университет қабырғасында жас ғалымдардың басын қосып, түйткілдерді талқылайтын керемет дәстүріміз бар. Осы идеяның ауқымы кеңейіп, бүгінде «Жас ғалым» форумына айналды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz