RU
Толық нұсқаға өту

Астанада робототехникадан халықаралық чемпионат басталды

13.05.2025, 14:50 504

Астанада «Robotek Grand Tournament» атты робототехникадан халықаралық чемпионат басталды, деп хабарлайды 24KZ. Сайыста Болгария, Молдова, Өзбекстан, Қызғызстан және Тәжікстаннан үздік командалар бақ сынайды.

Додаға 9 бен 17 жас аралығындағы оқушылар қатысып жатыр. 350-ден аса қатысушының робот құрастырудағы білім-білігі 7 аталым бойынша бағаланады. Сайыстың екі жеңімпазына Қазақстан-Британ техникалық университетінің ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің білім грантына ие болады. Білім грантынан бөлек, әр санат бойынша жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады.

Наз Бауыржанқызы, «QAZBILIM» ұлттық лицейінің оқушысы:

- Бізде қазір карта бар, робот дайын. Енді программаны күтіп отырмыз. Үмітіміз енді роботта. Өйткені алдыңғы жолы тура осы роботпен біз басқа сайысқа қатысып 1-ші орын алғанбыз. Енді қазір осы жерде бірінші орын аламыз деген үміттеміз.

Олжас Айтжанов, «Роботек» робототехника мектебінің жетекшісі:

- Турдың жеті бағыты бойынша балалар бақ сынасады. Роботек, инверстік сызық бойымен жарыс, жеткізуі робот және сұрыптаушы робот. 7 санат бойынша мықты чемпиондарды анықтаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz