Үрімші қаласында «Қытай – Орталық Азия» білім министрлерінің алғашқы кеңесі өтті.
Кеңеске Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның министрлері, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Еліміздің делегациясын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бастап барды. Ол өз сөзінде бірлескен білім беру бастамаларының маңыздылығын атап өтіп, жаһандық талаптарға сай кәсіби білім сапасының бірыңғай стандарттарын әзірлеуге шақырды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушы тараптар білім министрлері кеңесінің жұмыс істеу жарғысын бекітіп, болашақ ынтымақтастықтың бағыттарын айқындады. Үрімші декларациясына қол қойылған соң ұйымға төрағалық Қазақстанға берілді. Енді келесі кеңес біздің елде өтеді.
Тегтер #Қытай #Орталық Азия #білім #министр #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz