RU
Толық нұсқаға өту

Елдегі 10 колледжге шетелдік мамандар тартылады

14.05.2025, 14:17 579

Биыл елдегі 10 колледж шетелдік беделді оқу орындарымен тәжірибе алмасады, деп хабарлайды 24kz.

Осылайша, Қазақстан жұмысшы кадрларды даярлауда әлемдік деңгейге қадам басқалы отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қазір салалық ведомство шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Олардың қатарында Қытай, Оңтүстік Корея және Франция секілді елдердің жетекші білім беру ұйымдары мен кәсіпорындары бар. Әріптестік шеңберінде тағылымдама мен тәжірибе алмасу жобаларына, халықаралық білім стандарттарына, қосдипломдық бағдарламалар енгізуге және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ менеджменттің үздік халықаралық тәжірибесін енгізу үшін шетелдік менеджерлерді тарту жоспарланған. «Мұндай қадам техникалық және кәсіптік білім жүйесін трансформациялауға мүмкіндік береді», - дейді мамандар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz