Бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, деп хабарлайды 24KZ. Дәл қазір республика бойынша 4,5 мыңнан астам түлек 46 тестілеу пунктінде тест тапсырып жатыр.
Оның 300-ден астамы елордада тіркелген. Тапсырушылардың 75% қазақ, 25% орыс тілінде, ал 300-ге жуығы ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірген. Басым көпшілігі «математика-физика» комбинациясын таңдаған. Таңғы сағат 9-да басталған сынақ 4 сағатқа жалғасады. Ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша тағы 40 минут қосылады. Тестілеудегі пәндер саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті, екеуі таңдау бойынша өткізіледі. Шектік балл «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары үшін 75, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» бағыты бойынша 70, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін 65 балл, ал басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 50 баллды құрайды.
Гүлзат Көбенова, ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары білімнен оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы:
- Талапкерлерге сәттілік тілейміз. Бұл олар үшін жаңа нәрсе емес. Қыста да, көктемде де 2 рет негізгі ҰБТ-ны тапсырды. Қорытындылары жаман емес. Биылғы бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемін айтатын болсақ, бакалавриатқа 77 мыңнан астам грант, магистратураға 10 мыңнан астам грант, докторантураға 3 мыңға жуық грант бөлініп отыр.
Ернұр Жұманбай, Астана қаласындағы №97 мектеп-гимназиясының түлегі:
- Мен өзім құқық негіздері мен дүниежүзі тарихын таңдағам. «Юриспруденцияға» түсу үшін. Профиль экономикалық қауіпсіздік. «Пробныйлардан» 90-100 балл жинап жүрдім. Қазір 110-120 жинауға үміттенемін.
Тегтер #Ұлттық бірыңғай тестілеу #ҰБТ 2025 #талапкерлер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz