RU
Толық нұсқаға өту

Жайлы мектеп: биыл 217 жайлы білім ордасы ашылады

19.05.2025, 07:40 424

Елде жыл соңына дейін 461 мың оқушыға арналған 217 жайлы мектеп салу көзделген, деп хабарлайды 24KZ. Былтыр жоба аясында 105 нысан пайдалануға берілді. Оның 40%-тен астамы ауылдық жерлерде салынды. Жаңа білім ордаларының директорлары тағайындалып, педагогикалық ұжымдар құрылды. 24 басшы «Білім берудегі 1000 көшбасшы» бағдарламасының қатысушылары арасынан сайланды. Жайлы мектеп бағдарламасы жүзеге асқалы елде үш ауысымды мектеп үш есе азайған. 200-ден астам білім ордасында орын тапшылығы жойылды.

Жайлы мектептердің жалпы ауданы типтік оқу орындарына қарағанда 15-20% үлкен. Ал қауіпсіздік жүйелерінің техникалық жабдықталуы 4 есе артық. Білім мекемелерінде инклюзивті білім алуға да жағдай жасалған. Сыныптар интерактивті тақталармен, STEM-зертханалар және цифрлық платформалармен жабдықталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz