Биыл Жамбыл облысында 192 867 оқушы жазғы лагерлерде демалады, деп хабарлайды 24kz.
Олар облыстағы 450 мектеп жанындағы лагерь мен қала сыртындағы 7 жазғы сауықтыру орталықтарына лек-легімен жіберіледі. Биыл көпбалалы, аз қамтылған және әлеуметтік осал топтағы отбасының 7469 баласы қала сыртындағы лагерьлерде демалады. Сонымен «Қазақстан халқына» қоры есебінен 593 үздік оқушы сауықтыру кешендеріне жіберіледі. Жалпы жазғы сауықтыру демалысына облыстық бюджеттен 786 миллион теңге бөлінді.
Ләззат Қызылқұлова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
- 2 маусымнан бастап 407 мектеп жанындағы лагерьде 33 607 бала екі ауысымда қамтылады. Сонымен қатар 430 мектептің демалыс алаңдарында 31 мың, экскурсияларға 21 мың, үйірмелерге 60 мың, «Жас Ұлан» қозғалысына 80 мыңнан аса бала қатысады.
Тегтер #Жамбыл облысы #оқушылар #жазғы лагерьPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz