Биыл Жамбыл облысында 3 «жайлы мектеп» пайдалануға беріледі.
Оған қоса аймақта 10 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Бұның барлығы өңір мектептерінде орын тапшылығы мен үш ауысымдық мәселесін шешеді.
Тараз шетіндегі сегіз тұрғын алабына ортақ 2 ғана мектеп бар. Бірі Шөлдала тұрғын алабында орналасқан мына №55 орта мектеп. Мұнда халық тығыз орналасқандықтан 600 орындық ағарту ошағында 1800-ге жуық бала оқиды. Мектеп әкімшілігі мәселені шешу үшін дәліздерді қоршатып оқу сыныптарын жасатқан. Бірақ спорт залы мен асхана да тарлық етіп жатыр.
Рабиға Оразбай, №55 орта мектептің директоры:
- Мысалы, асханаға келгенде бірінші екінші үшінші сабақта ғана ары кетсе төртінші сабақта тамақтандыруға болатын еді біз 6 сабақ біткенде 5 сабақ біткенде балаларды тамақтандырып отырмыз. Асханамыз 100 орындыққа арналған. Ал біздің балаларымыздың саны көп болғандықтан біз оны барлық үзіліс кезінде тамақтандыруға тура келіп отыр.
Мектептегі орын тапшылығын шешу үшін 2024 жылы тұрғын үй алабынан «жайлы мектептің» құрылысы басталды. Мектеп жаңа оқу жылы қарсаңында ашылмақ. Онда алғашқыда 700-ден аса оқушы қабылданады. Қазір құрылысы 90 процентке аяқталған.
Мұрат Жұмаділов, құрылыс алаңының басшысы:
- Екі спорт залы болады. Акт залы, кітапхана, робототехника СТЭМ кабинеті, информатика барлығы жаңа заманауи жасақталған. Маусым айынан бастап мектептің ішіне парта стол және де басқа заттарды алып келеді. Ішкі әрлеу жұмыстарының бәрі бітті. Бұл ерде тек жер жұмыстары қалды. Брусчатка, асфальт, жасыл желек, қалған жұмыстың бәрі толық аяқталды десек болады.
Жалпы Жамбыл облысында 7 жайлы мектеп салу жоспарланған. Оның 3-еуі 2024 жылы пайдалануға берілсе, біреуі биыл ашылды. Қалған 3 мектеп құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ.
Ләззат Қызылқұлова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Бұл Жайлы мектептердің пайдалануға берілуі Қордай ауданындағы Қарасу ауылындағы 3 ауысымды мектептің мәселесін толығымен шешетін болады. Және Қаракемер ауылындағы, Тараз қаласындағы Шөлдала алқабындағы орын тапшылығы мәселелерін шешетін болады.
Биыл Жамбыл облысында респбликалық бюджет есебінен 10 жаңа мектеп пен тағы сондай мектепке жапсарлас құрылыстар пайдалануға беріледі. Бұл нысандар аймақтағы апатты ағарту ошақатарының да мәселесін толыққанды шешеді.
Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә
Тегтер #Тараз #Жайлы мектеп #тапшылық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz