RU
Толық нұсқаға өту

Елордада биыл 14 мың бала мектеп бітіреді

22.05.2025, 17:20 418

Биыл Астанада 14 мыңнан астам түлек 11-сыныпты бітіреді, ал  24 мыңнан астам оқушы 9-сыныпты аяқтайды.

Қалалық білім басқармасының дерегі осындай. Бас қалада білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, оқушыларға лайықты жағдай жасау үшін "Жайлы мектеп" жобасы қолға алынды. Бұл оқушы орындарының тапшылығын шешуге мүмкіндік беретін стратегиялық маңызға ие жоба.  "Жайлы мектеп" концепциясымен салынған нысандардың басқа мектептерден айырмашылығы қандай? Оқушылар жаңа жүйеге көңілі тола ма? 

4 спортзал, жеделсаты, заманауи жабдықтар. Елордадағы №103 орта мектептің ішінде осының бәрі бар. "Жайлы мектеп" жобасымен салынған білім ордасында бүгінде 1700-ден астам бала оқиды. Оқушылардың зейнін ашып, заманауи білім беруге бар жағдай жасалған. Мәселен, Шынар Шүкенованың 4 баласы осы мектепте оқиды. Олардың екеуі қазақ, ал екеуі орыс сыныптарына барады. 

Шынар Шукенова, көп балалы ана:

-  103 мектеп көңілімізден шығады, ұстаздары барлығы білімі сапасы жақсы. Ең бастысы 2 тілде. Артықшылықтары кітапхана, спортзал, 2 актовый зал, қосымша үйірмелер. Барлық үйірмелерге қатысады. Көп балалы ана болғаннан кейін тамақтары  тегін болғанымен тамақтардың сапасы өте керемет. Жас мамандар көп жұмыс істейді, көбісі қазір ата-аналар қашады. «Тәжірбиесі жоқ» деп. Жоқ, бұл жерде өте мықты ұстаздар деп айтамын.

Оқушылар жоспарлы білім бағдарламасынан бөлек қосымша сабақтарға қатысады. Сурет, музыка, қолөнер, роботехника кабинеттері жан жақты  жасақталған. Мұнда балалар өз идеяларымен бөлісіп, зейінін ашып, түрлі бағытта жобаларды дайындайды.

Асхат Қайратұлы, информатика пәнінің мұғалімі, робототехника және STEM бағытын оқытушы:

- Біз мұнда моделингпен жұмыс жасаймыз, 3D принтерлар бар, кабинет толығымен қамтылған. Тек моделирование ғана емес, қазір оқушылар әлемдік проблемаларға өздерінің идеяларын жасау арқылы практикалық түрде тәжірибе бөлісе алады және жарыстарда өз өнерлерін көрсете алады. Соңғы біздің жобаларымыз бұл stem бағытындағы экопроекттер. Су тапшылығының проблемаларын шешу және ракетастроение де соңғы проект.  Оқушыларды осы ракета жасау арқылы ғарышқа қызықтыру.

Әрбір баланы тұлға ретінде, адал азамат ретінде тәрбиелеп шығару - мектептің ең басты міндеті дейді директор.  20 жылдық тәжірибесі бар педагог балалардың тең дәрежеде білім алып, жақсы азамат болып қалыптасуында жан-жақты дамудың маңызды  екеніне сенеді. Айта кетейік, мұнда инклюзивті жүйе бойынша 38 бала білім алады.  

Жанат Айтова, №103 орта мектебінің директоры:

- Ең біріншісі бұл бүкіл балаға ортақ, біз бұл жерде мемлекеттік стандарттан білім беруден басқа. Балалар нені қажет етеді, дарындылығын ашу. Бір бала, мысалы, бір  оқушымыз математика сабағын меңгермей, суретші болуға дайын болса. Біз сол әр баланың, нені қажет етіп отыр, білім сапасын қолжеттімділігін қамтамасыз етеміз. Яғни баланың дарынын ашу. Ұстаздарға келетін болсақ, ұстаздар үшін бүкіл қажет ресусртармен қамтамасыз етілген.

Мектеп бағдарламасының басым бағыттарының бірі - салауатты өмір салты. Мұндағы балалар дұрыс тамақтанудың не екенін қазірдің өзінде жақсы біледі. Бастауыш сыныптарға арнап осы тақырыпта арнайы жоба жасалған. Соның аясында кішкентай аспаздар  өнімдердің құрамын біліп, зиянды және пайдалы тағамдарды ажырата алады. 

БЛИЦ:

- Қызылша жүрекке өте пайдалы. Қызылшаның ішінде А және В дәрумені бар. Осы руккола салаттың ішінде салаттағы дәрумендер ол А, К, С, А дәрумені көзге пайдалы. Ас адамның арқауы. 

- Менің қолымдағы тәтті кәмпиттер. Оның құрамында тек қант бар. - Пайдалы ма? Зиян ба? - Бұл тағам зиянды. - Ал қайсы пайдалы? - Пайдалы тағам құлпынай, өйткені бізге өсімдіктерге сияқты су, жер және миниралдар қажет.

- Сенің сүйікті тағамың қандай? - Менің сүйікті тағамым ол ммм салат. - Нешінші сыныпта оқисың? - Үшінші сыныпта оқимын.

2024 жылы «Жайлы мектептер» концепциясымен салынған 16 мектеп пайдалануға берілді. Соның арқасында жүктемесі көп, 4 үш ауысымды мектеп мәселесі реттеліп, орын тапшылығы жойылды. Биыл осы бағдарламамен тағы 7 білім ордасы іске қосылады деп жопарланған.

Ғазиза Мұхамеджанова, Мадияр Қындыбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz