Бүгіннен бастап елде соңғы қоңырау соғылады. Биыл оқу жылының аяқталу күні жексенбіге түсіп тұр.
«Сондықтан 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты іс-шаралар мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өтетін болады», - деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Жалпы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Соның 217 мыңы алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады. Түлектердің 5%-і «Алтын белгіге» үміткер. Ендігі міндет – осы жаз мезгіліндегі балалар демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мәселе Үкімет отырысында жан-жақты қаралды. Әсіресе, жазғы лагерлердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы мен нысандардың өртке, терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Су айдындары мен бассейндердегі қауіпсіздік шаралары назардан тыс қалмауға тиіс. Бұған қоса, әр бала орталығы мен лагерге және көпшілік іс-шара өтетін орындарға учаскелік полиция инспекторы бекітіледі. Сондай-ақ балалар тасымалын ұйымдастыруда да сақтық шаралары барынша ойластырылуға міндетті. Мәселен, спортшы балаларды жарысқа апарғанда патрульдік полиция жол бастап жүруі керек.
Тегтер #соңғы қоңырау #мектеп түлектері #оқушылар #қауіпсіздік #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz