Алматыда сылақ жұмыстары және дәнекерлеу технологиясы бойынша халықаралық байқау басталды, деп хабарлайды 24KZ. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолия елдерінен келген кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары қатысып жатыр.
Жарыс WorldSkills стандарттары бойынша өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру және кәсіптік техникалық салада тәжірибе алмасу. Бірінші модульде қатысушылар қисық детальдарды жинап шығады. Содан соң оларды әрлеп, бұрыштарды қорғайтын темір орнатады. Мұның бәрі заманауи жабдықпен, жаңа технологиялармен жүзеге асырылады. Байқау жұмыстары бірнеше кезең бойынша бағаланады, жеңімпаздардың есімі 30 мамыр күні жарияланады.
Бұлбұл Елеусінова, «Talap» КеАҚ вице-президенті:
- Жақсы мамандарды дайындау үшін, студенттерге сапалы білім беру үшін бірінші оған бізде жоғары дәрежелі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін педагогтердің де жұмыс жасауы маңызды.
Бауыржан Мұхамеджанов, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары бойынша халықаралық сарапшы:
- Ертең өзінің аймақтарына барған соң өздерінің шәкірттерін де осы дұрыс технологиямен үйретуге мүмкіншіліктері болады. Ең бастысы – қауіпсіздік ережелерін сақтау, дұрыс технологияны пайдалану, тегіс түзу жинау, өлшемдерің сәйкес келуі және де түзулік деңгейлері дұрыс болуы.
Тегтер #Алматы #халықаралық байқау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz