Атырау облысындағы Жамансор ауылында 110 орынға есептелген мектеп-интернаттың құрылысы басталды.
Білім ордасы қайтарылған активтер есебінен салынып жатыр. Қазір Жамансорда 50 орындық жалғыз бастауыш мектебі ғана бар. Ал өзге оқушылар көршілес елдімекендегі интернаттарға баруға мәжбүр. Жаңа нысан заман талабына сай толық жабдықталып, ауыл балаларының сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталады деп жоспарланған.
Бауыржан Жұмақанов, облыс прокуроры:
- Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру, заң мен тәртіпті қоғамда орнату, экономикалық өсімді қамтамасыз ету, қоғамдық белсенділікті таныту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында бүгінгі таңда 70 млрд-қа жуық қаражат бюджетке өндірілді. 11 млрд-қа жуық заңсыз иемденген активтерді қайтарды.
Тегтер #Атырау облысы #қайтарылған активтер #мектеп интернат #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz