Ақтаулық оқушылар теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін алғашқы VR-жаттығу құралын ойлап тапты, деп хабарлайды 24kz.
Инновациялық жобаны Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері жасады. Олардың тың дүниесі су айдынындағы апаттық жағдайларды реттеуге мүмкіндік береді. Бағдарламаға адамдарды шұғыл эвакуациялау, алғашқы медициналық көмек көрсету сияқты іс-әрекеттер енгізілген.
Инновациялық жаттығу құралы оқыту бағдарламасы, виртуалды көзілдірік пен джойстиктен тұрады. Бұл теңізге шыққан курсанттардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мектеп түлектері Расул, Айсұлтан және Сағынай жобаны 2-3 айда жасап шығарған.
Расул Әбуов, жоба, авторы:
- Осы құрал арқылы теңізшілер, теңіз жұмысшылары виртуалды көзілдірікті киіп, сол құралды киіп қолдану арқылы жаңағы шындыққа жақын форматта өзінің техникалық қауіпсіздігін үйрене алады.
Олар ойлап тапқан жаттығу құралы қазір Ақтаудағы оқыту орталығында іске қосылды. «VR-технологиясы оқу бағдарламасын жаңғыртуға мүмкіндік берді», - дейді мамандар. Тың жоба бірінші болып бұрынғы теңіз капитаны Нұрхат Ермаганбетов пен тыңдаушылар байқап көрді.
Нұрхат Ермағанбетов, оқыту орталығы директорының орынбасары:
- Менің 20 жылдық теңіз тәжірбиеммен салыстырған кезде біздің оқу барысы, тәжірбие алмасу барысында мұндай қондырғылар болған жоқ. Бұрын-соңды егер болған жағдайда бұл өте мол әрі тез, ұғымды әсер беретін еді ойлаймын.
Нұргүл Пилтан, оқыту орталығының тыңдаушысы:
- Осы теңіз саласында, ең бастысы, техника қауіпсіздігін білу керек. Яғни, осы VR-көзілдіріңтің көмегімен барлығын өмірлік тәжирбеден көргендей болдым. VR-көзілдіріктен енді алғаш рет көргеннен кейін әсерім өте күшті.
Ноу-хау арқылы оқып қана қоймай, емтихан тапсыруға болады. Жоба авторлары бұл құрылғыны енді мұнай-газ және тау-кен өндіру салаларына енгізуді жоспарлап отыр.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тамара Степаненко, Ренат Дусалиев
Тегтер #Ақтау #оқушыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz