Алматы технология және флористика колледжінің арнайы білім беруді қажет ететін түлектері диплом алды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл олардың еңбекке араласуына, қоғамда өз орнын табуына және толыққанды өмір сүруіне жасалған маңызды қадам. Себебі, түлектерге дипломмен қоса, жұмысқа орналасуға арналған сертификат табысталды. Мұндағы мақсат – жастардың еңбекке қабілеттілігін көрсету және инклюзивті жұмыс орындарын кеңейту. Осыған орай жұмыс берушілермен де тығыз байланыс орнаған. Колледж түлектері тігін өндірісі, ақпараттық желілер, саябақ шаруашылығында жұмыс істейді. Сонымен қатар жиһаз өндірісімен айналысып, аяқ-киім ісінің маманы атанады.
Диас Мұратжанұлы, Алматы технология және флористика колледжінің түлегі:
- Оқуым өзіме өте қызықты өтті. Мұғалімдермен де, тіпті қалай тез бітіргенімізді де байқамай да қалдық. Көзді ашып-жұмғанша 3 жыл өтті, кетті. Әр мұғаліміміздің өзінің орындары бар, орындары өте ерекше.
Маржан Жұмабай, Алматы технология және флористика колледжі директорының орынбасары:
- Қызығушылықтары өте жақсы. Бүгінгі таңда қазірдің өзінде 81 студент оқу бітіруде, арнайы кәсіпорындардан басшылары келіп, студенттерге ары қарай жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, арнайы сертификаттар тапсыруда.
Тегтер #Алматы #колледж #дипломPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz