RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда Қазақстан–Қытай ғалымдарының жасанды интеллект зертханасы іске қосылды

08.07.2025, 23:33 478

Алматыда Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Қытай Халық Республикасының Чжэцзян провинциясының делегациясы кездесті, деп хабарлайды 24kz.

Тараптар ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын дамыту және инновациялық инфрақұрылымды құру бағытындағы бірлескен бастамаларды іске асыру жайын талқылады. Екіжақты ғылыми ынтымақтастық аясында академия жанынан «Кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект» зертханасы құрылды. Шара аясында Чжэцзян технологиялық университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті арасында жасанды интеллекттің Халықаралық институтын құру бойынша меморандумға қол қойылды.

Исмаил Тоқбергенов, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы бас ғылыми хатшысы:

- Бүгінде зертхана іске қосылды. Әкелінген құрал-жабдықтар апробациядан өтуде. Зертхана қоршаған орта өзгерістерін болжау бойынша күрделі міндеттермен айналысады. Қазір бірнеше жобаларды тестілеуден өткізіп жатырмыз. Олардың қатарында су ресурстарын басқару жобалары да бар. Зертхана «Сигма» деп аталатын мобильді кешенмен жабдықталған. Бұл кез келген қиын жағдайда мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz