Семейде жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды.
Оған Қазақстанның 15 өңірінен 180 оқушы мен студент қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл білім бәйгесі осынау маңызды ғылым саласында өзіңді көрсетуге таптырмас мүмкіндік.
Оқушылардың дені бұл олимпиадаға екінші рет қатысып отыр. Солардың бірі жетісулық Ақжол Болат. Ол осы олимпиада білім деңгейімізді шыңдай түсетін ең маңызды сайыс деп есептейді.
Ақжол Болат, олимпиадаға қатысушы:
- Осы екінші республикалық жас геологтар олимпиадада 8 түрлі жарыс болады, сол 8 жарыстың мен мұнай мен газ іздеу және минералогия жарыстарына қатысатын боламын. Басқа командалардың қатысушыларына тек қана сәттілік тілеймін.
Сайыс геологиялық маршрут, палеонтология, минералогия және петрография секілді барлығы 10 пән бойынша өтіп жатыр. Олимпиадаға Kazakhmys Barlau компаниясы қолдау көрсетті. Компания өкілдерінің айтуынша, олардың басты мақсаты жас геологтарды қолда
Қадыржан Қаулдашев, Kazakhmys Barlau ЖШС атқарушы директоры:
«Біз осы сайысты өткізе бастаған кезде Қазақстанда небәрі 7-8 команда ғана болатын. Қазір олардың саны 20-дан асты. Бүгінгі таңда олар тіпті халықаралық олимпиадаларда да жүлде алып жүр».
Нұрғаным Есімханова, бас төреші:
- «Төрешілер алқасы Сәтбаев университеті, Қазақстан-британ техникалық университеті, геология-барлау колледжінің оқытушылар құрамынан жасақталды. Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік жас геологтар командасы анықталады. Сондай-ақ осы олимпиада аясында үздік жас геологтардың да есімдерімен танысатын боламыз.
Олимпиада 15 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаздар еліміздің ең үздік ЖОО-ры мен колледждерінде оқу гранттарын иеленеді.
Талғат Серікқалиұлы, Ботакөз Дандыбаева, Медет Өмірханов
Тегтер #Семей #геолог #Олимпиада #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz