Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттарды eGov.kz арқылы тапсыруға болады.
Биыл онлайн қызмет түрі жетілдірілді. Енді құжатпен бірге жатақхана және тегін ыстық тамақпен қамту жайлы өтінішті бірге жолдау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар әскери борышын өтегені туралы анықтаманы қоса жіберуге болады. Әрбір талапкер 4 мамандық бойынша 4 колледжге бір өтінім жолдай алады. Құжаттар 3 пен 5 жұмыс күні аралығында қаралады. Нақты мерзімі таңдалған мамандық пен білім беру бағдарламасына байланысты.
Тегтер #колледж #құжат #онлайн #білімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz