Биылғы оқу жылы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылдың 25 мамырында аяқталады. Ал білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күнін мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Бұған қоса, балалардың каникул кезеңдері де нақтыланды. Бірінші тоқсанда оқу уақыты – 8 апта. Күзгі каникул 27 қазанда басталып, 2 қарашада аяқталады.
Екінші тоқсанда оқушылардың демалысы 10 күнге жалғасады. Үшінші тоқсанның каникулы наурыздың 19-ы мен 29-ы аралығында болады. Ал соңғы тоқсанның оқу ұзақтығы 8 аптаға созылып, оқушылар 25 мамырда жазғы каникулға шығады.
Тегтер #жаңа оқу жылы #кесте #сабақ #оқушыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz