RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында жұмысшы мамандар жетіспейді

30.07.2025, 19:55 510

Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары, деп хабарлайды 24KZ. Әсіресе дәнекерлеуші, токарь, слесарь, электрик және механиктер ауадай қажет.

Өңірдегі кадр тапшылығы мәселесі Кентаудағы №7 колледжде өткен жиында талқыланды. Іс-шара барысында дуальды оқыту жүйесімен білім алып жатқан студенттерге жалақы төлеу ұсынылды. Мамандардың сөзінше, бұл жастардың  еңбек нарығында тұрақтап қалуына оң ықпал етеді.

Айта кетейік, кәсіптік колледж 9 бағыт бойынша маман даярлайды. Биылдан бастап лифт шаруашылығы және эскалатор механигі мамандығы енгізіліп отыр.

Ерболсын Жаманқұлов, Кентау трансформатор зауытының бас технологы:

- Бізге дәнекерлеуші, токарь, слесарь мамандары өте тапшы. Сол себепті осы №7 колледжбен біз дуалды оқыту жүйесі бойынша қызмет жасап отырмыз. Яғни бізге өндіріске қажетті дәнекерлеуші мамандарды және токарь мамандарын дайындап, екі мекеме арасында қарқынды жұмыс жалғасы жатыр.

Талғат Тауасаров, №7 кәсіптік колледж директоры:

- Өндірістік іс-тәжірибеге менде 34 мекемен меморандум түзілген. Дуалды оқыту бойынша 11 мекемемен бар. Жұмыспен қамтылу бойынша 75% кем емес. Әлі де мекемелер жан-жақтан мамандар сұратып жатыр. Сол мекемелерге маман даярлауға дайынбыз. Биылға 80%-тен асырсақ деген ойдамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz