RU
Толық нұсқаға өту

Павлодар облысында мектеп директорлары жетіспейді

05.08.2025, 13:22 496

Бүгінде өңір бойынша 45 басшылық лауазым бос тұр.

Ал мектептердің бес пайызын зейнет жасындағы азаматтар басқарып отыр. Лауазымдық бос орындардың басым бөлігі шалғай ауылдарда тіркелген. Мамандардың айтуынша, облыс орталығынан алыс елді мекендерде бәсекелестік төмен, ал білікті кадр тапшылығы өткір тұр. Сол себепті мектеп директорларын уақтылы тағайындау өзекті мәселеге айналған. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында арнайы байқау жарияланып, іріктеуден өткен 13 үміткер оқыту курсынан өтіп жатыр. Жоспар бойынша, жаңа оқу жылы басталғанға дейін басшысы жоқ мектептерге директорлар тағайындалмақ.

Надира Сүлейменова, облыстық білім басқармасы педагог қызметкерлермен жұмыс жасау жөніндегі бөлім басшысының м.а:

- Қазіргі таңда облыстық кадрлық резервте 46 кадрлық резервист білім алуда. Өңірде кадрлық резервті жаңарту және сүйемелдеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстардың аясында оқыту-семинарлары, кеңес беру, тәлімгерлік бағдарламалар және басқарушылық құзыреттерді бағалау шаралары ұйымдастырылуда. Жаңа оқу жылына барлық білім беру ұйымдарының ваканттық орындарына білім беру ұйымының басшыларын тағайындау жоспарлануда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz