RU
Толық нұсқаға өту

Тамыз саммиті: директорлар секциясы басталды

11.08.2025, 15:55 619

"Келешек мектептерінің" директорлары білім беру жүйесіне жасанды интелектіні енгізу тетіктерін меңгереді.

Астанада республикалық тамыз саммиті аясында мектеп басшыларының секциясы басталды. Шараға әр өңірден келген 145 маман қатысып жатыр. Оның ішінде жаңа оқу жылында ашылатын 45 мектептің басшылары бар. 4 күн ішінде педагогтар жасанды интеллектімен қоса, материалдық-техникалық базаны тиімді пайдалану және қосымша білім беру саласын жетілдіру мәселелерін талқылайды. 

Ринат Тұрғанбай, мектеп директоры /Жамбыл облысы/:

- Саммиттің тақырыбы да өте өзекті деп білемін. Сол себептен барынша осы саммиттен білімімізді жетілдіреміз деген ойдамын. 

Нәзипа Аюбаева, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының президенті:

- "Келешек мектептерінің" директорлары министрлікпен келісе отырып тағайындалып, олар арнайы оқудан өткізіліп жатыр. Сонымен қатар педагогтардың барлығы "Өрлеуден" оқытылып, мектептерге жіберіліп жатыр. "Келешек мектептерінің" стратегиялық мақсаттарын айқындап, 2025-2026 жж. атқарылатын жұмыстарын бірлесе талқылап жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz