RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында он «Келешек мектебі» пайдалануға беріледі

15.08.2025, 21:33 561

Алматы облысында биыл тағы 10 «Келешек мектебі» пайдалануға беріледі.

Алмалы ауылы және Жалғамыс, Төңкеріс елді мекендерінде білім ұяларының құрылысы толық аяқталды. Қалғаны кезең-кезеңімен іске қосылады.

Алматы облысында алдағы жылы үш ауысымды мектептер толық  жойылады. Бұған ең әуелі «Келешек мектептері» ұлттық жобасының жүзеге асуы септігін тигізді, дейді мамандар. Былтыр 12 жаңа мектеп ашылса, соның 9-ы «Келешек мектептері». Соның арқасында өңірдегі үш ауысымды мектептер саны 30-ға дейін қысқарды. 

Марат Сұлтанғазиев, облыс әкімі:

- Бізде облыста 3 ауысымды мектептердің жағдайы өте күрделі. Өйткені 53 мектеп болған 3 ауысымды, қазір осы үлкен жобаның арқасында қазір 30-ға дейін түсірдік. Екіншіден, бізде тозып кеткен мектептердің саны өте көп. Бүгінгі күні 91 мектеп әбден тозығы жеткен. Олар да көбісі қайта жөндеуге жатпайды. Сол себепті бізге осындай жаңа мектептер керек.

«Келешек мектептері» көбіне Іле, Талғар, Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында орналасқан. Ащысай ауылында салынып жатқан  білім ұясы жаңа оқу жылының екінші тоқсанында оқушыларды қабылдай бастайды.

Жанар Мұқалиева, мектеп директоры:

-Енді осы жерде біздің балаларымыз заманауи жаңа «Келешек мектебінде» сапалы білім, саналы тәрбие алады деген ойдамыз. Бұл мектептегі барлық кабинеттер заман талабына сай, жаңа, модификацияланған кабинеттер. Бұл мектепте барлық балалардың өте жақсы, сапалы білім алуына, жақсы азамат пен азаматшалар болып өсуіне өте жақсы, жоғары деңгейде жағдай жасалған.

Ел бойынша биыл 100-ден астам білім ошағы қолданысқа беріледі деп жоспарланған.

Гүлім Советқан, Аят Дүйсенбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz