RU
Толық нұсқаға өту

Колледж студенттері халықаралық сертификатқа ие болады

18.08.2025, 17:00 776

Елде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері әлемдік деңгейде кәсіби құзыреттерін растай бастады.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынған бұл бастама түлектердің біліктілігін арттыруға бағытталған. Халықаралық сертификат жастарға шетелдік компанияларда тәжірибеден өтіп, еңбек нарығына сенімді қадам басуға жол ашады.

Мұнда 2 мыңнан астам студент 11 түрлі кәсіптік-техникалық  мамандық бойынша білім алады. Әрі жыл сайын 600-ге жуық маман тәмамдайды. Оларға түрлі бағыттағы халықаралық сертификат беріледі. Сол арқылы оқу орнының түлектері бүгінде Германия, Қытай, Сингапур сынды алпауыт елдерде табысты еңбек етіп жүр.

Сәния Досман, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

- Жалпы біз есепке алатын болсақ, бес халықаралық сертификаттар алынды. Олардың барлығы бірінші оқудан өтеді кейін емтихан тапсыру арқылы сертификат алады.

Білім мекемесі WorldSkills чемпионаттарына студенттерді даярлап, жас мамандарың шеберліктерін арттыруға үлес қосады. Бұл сайыс - жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, студенттердің кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталған маңызды алаң.

 Әділбек Елемесов, өндірістік оқыту шебері:

- Балалардың көрсеткіші өте жақсы. Сервисный центрларда жақсы жұмыс атқарып жүр. Мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты балалар. Жалпы, сұраныс бар. Практикаға көп басымдық беріп жатырмыз. Осы мамандықтың қарқынына байланысты және электромобиль мамандығын да оқытып жатырмыз. 

Ерасыл Рахметолла, 3 курс студенті:

- Оқу орнында біз білмеген заттарды үйретеді. Басында автокөліктің электроника жағын дұрыс білмейтінмін. Соны маған қазір жақсы үйретті. Өзім кішкентай кезімнен бері автокөлікке қызығатынмын. Арманым орындалды. Қазір автокөлік маманына оқимын.

Сондай-ақ білім ошағында жеті заманауи ресурстық орталық жұмыс істейді. Бұдан бөлек оннан астам халықаралық білім беру жобалары  бар.

Дильназ Тұрғазыева, Артур Горшняков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz