Жасанды интеллект ұстазды емес, керісінше мұғалім жасанды зейінді басқару керек.
Енді мектептегі оқытушылар баяғыдай сабаққа түні бойы көз майын тауысып дайындалмайды. Әрі әр баланың білімін тексеру үшін сағаттап тест сұрақтарын әзірлеп, жазғы демалыс уақытын жылдық оқу жоспарын әзірлеуге жұмсамайды. Педагогтардың ең күрделі жұмыстарының біраз бөлігін бұдан былай жасанды интеллект атқарады. Дей тұрғанмен, санаулы секундта дайын болған ақпараттың бәрі дұрыс болмауы мүмкін. Мұғалімдер жасанды интеллект берген жауаптарды оқушыларға ұсынбас бұрын, алдымен сүзгіден өткізеді. Қазір ұстаздар жүйені қолдану этикасын, қауіпсізсіз басқару жолдарын арнайы курстар арқылы меңгеріп жатыр. Бұл туралы бүгінгі Тамыз конференциясы аясында өтіп жатқан «Білім келешегі: Адал азамат-кәсіби маман атты педагогтар» форумында айтылды. Жиынға қатысушылардың айтуынша, қазір елдегі мұғалімдердің 80%-і жасанды интеллектінің көмегімен жұмысын жеңілдеткен.
Құралай Әубәкірова, Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейі директорының орынбасары:
- Қазір көздері көп жасанды интеллектінің. Ол жерде барлық сабаққа қажетті ҚМЖ жасау, шығарламар жазуға, эссе жазуға. Ең жақсысы тапсырмалар дайындауға. Жабық тест, ашық тест. Содан кейін балалардың білімін тексеру. Баяғы кезде мысалы дәптерге жаздырып, карточкаға сыздырып, оны қолмен тексеріп, қызыл пастамен бағасын қойып жатсақ, қазіргі кезде фронталды түрде 1 минуттың ішінде баланың білімін тексеріп, мониторингта диаграммасын балаларға ұсынып тастауға болады.
Педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында дәстүрлі түрде өтетін форумға биыл елордадағы 110 мектептен 430 маман қатысты. Бастауыш сынып мұғалімдеріне баяндама жасайтын мамандардың қатарына профессорлар да қосылып, 4 бағыт қамтылды. Шара ұлттық құндылықтар мен цирфлық сауаттылықты ұштастыра отырып, ұстаздардың кәсібилігін арттыруға септігін тигізбек.
Нұржамал Әзімбай, Астана қаласы әкімдігі әдістемелік орталығының әдіскері:
- Алдымен профессорлар 1 жарым сағаттық уақытты профессорлар өздерінің тәжірибесімен айналысады. Одан кейін біз 4 секцияға бөлеміз. 4 секцияның ішінде 285 спикер. Жасанды интеллект бойынша жұмыс істеуді көрсетеді, цифрлы педагогикамен жұмысты көрсетеді және тәрбие бағыты бойынша құндылықты көрсетеді.
Тегтер #Қазақстан #жасанды интеллект #мұғалім #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz