RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа оқу жылы – жаңа міндеттер кезеңі

21.08.2025, 17:00 1001

Түркістан облысында бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 99 пайызға жетті.

Бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш. Бүгін Түркістанда «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен мұғалімдердің дәстүрлі облыстық тамыз кеңесі өтті.  Жиында білім саласында атқарылған істер сараланып, алдағы жұмыстар пысықталды. Кеңеске Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова, облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.

Тамыз кеңесіне келген қонақтар алдымен инновациялық жобалар көрмесін тамашалады. Онда білім беруге қатысты түрлі ғылыми, цифрлық стартап жобалар мен жұмысшы мамандарды даярлайтын техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың жобалары таныстырылды. Ал "тамыз кеңесінің тақырыбы кездейсоқ таңдалмаған, бұл қазіргі қоғам мен заманауи білім жүйесінің өзекті талабы", дейді ұстаздар. 

Айгүл Бабашева, №32 жалпы білім беретін мектеп директоры:

- Балаға тек академиялық білім беріп қоймай, сонымен қатар оның құндылықтарды бойына сіңіре отырып, адал азамат ретінде тәрбиелеп, кәсіби маман ретінде қалыптастыру. Яғни Абай атамыз айтқандай "өмірге бір кірпіш болып қалануына" біз білім беру саласында соған жеткізуіміз керек.

Жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров мұғалімдерді жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға артылар жүк ауыр екенін еске салды. "Бүгінде бізге тек білімді емес, елжанды, әділ, жауапкершілігі жоғары азаматтар қажет" деді. Білім беру саласына 747 млрд теңге бөлінді. Бұл облыс бюджетінің 55%-ын құрайды. 

Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының әкімі: 

- Бұл болашақ ұрпаққа салынған нақты инвестиция. Облыста 2 мен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 99 %-ға жетті. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Ендігі негізгі міндет – сапа, ашықтық және қаржылық тәртіпті күшейту. Білім ұйымдарын қауіп жүйесіне қосу қосу жөніндегі үкімет тапсырмасына сәйкес, 3 млрд теңге қаржы бөлініп, камера, турникет, күзет және дабыл батырмасы жүз пайыз мектептерге орнатылды. 

Бұдан бөлек биыл өңірдегі барлық балабақша ваучерлік қаржыландыру жүйесіне өтеді. Бұл кәсіпкерлердің жалған мәлімет беру, заңсыз қаржы игеру және салықтан жалтаруына тосқауыл болмақ. Сонымен қатар Президент тапсырмасына сәйкес, биыл 6 жаңа жұмысшы мамандығы ашылды. 

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Қуаныш Әбуов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz